"Бір өлке-бір тұлға" акциясы аясында
Құрметті оқырмандар! Апталық көрме өз жұмысын бастады!
30.03.23ж. Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында “Бір өлке, бір тұлға” акциясы аясында, Қазақтан шыққан тұңғыш мифолог, ғалым, географ, этнограф, тарихшы, өлкетанушы - Серікбол Қондыбайдың туғанына 55 жыл толуына орай “Серікбол Қондыбайдың ғылымдағы қисындары мен қағидалары” атты оқырмандар конференциясы өтті.
Конференцияға зиялы қауым өкілдері, ғалым, өлкетанушы - Мұрат Ақмырзаев,
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент - Эльвира Абланова,
Шетпедегі Серікбол Қондыбай атындағы мемориалдық музейдің директоры - Рима Бердиева және Ақтау қаласындағы Серікбол Қондыбай атындағы 22мектеп пен Мұнайлы ауданындағы мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты.
Шараға қатысушылар Серікбол Қондыбайдың шығармашылығынан сыр шертетін бейнероликті тамашалап, ғалымның еңбектерінен, шығармашылығынан зерттеу жұмыстарын көрсетіп, баяндамаларын таныстырды.
Шетпелік Өнер колледжінің студенті Сыдықова Ақбота “Көлқайнар”, “Шалқымалы” әндерін домбырамен орындап, өнерін ортаға паш етті.
Шара соңында конференцияға қатысушыларға облыстық кітапхана атынан кітаптар мен алғыс хаттар табысталды.
Сонымен бірге Шетпедегі Серікбол Қондыбай Музейі Серікбол Қондыбай атындағы мемориалдық музейінің көрмесі көпшілікке таныстырылды. Көрме кітапхана фойесінде бір апта бойы жұмыс жасайды. Келіңіздер! Көрмемен танысуға шақырамыз!
362 әулиелі қасиетті Маңғыстау топырағында туып өсіп, түркі мифологиясын, жауынгерлік рух пен дәстүр-салтын зерттеген ғалым, ерекше дарын иесі -Серікбол Қондыбайдың мұрасы конференция қатысушылары мен өскелең ұрпаққа берер тағылымы орасан зор.
: 15:59Кітапханамыздың өнер бөлімінде қазақ театры мен киноның тұңғыш суретшісі Құлахмет Қожықовтың туғанына 105 жыл толуына арналған кітап көрмесі ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің абонемент бөлімінде қазақтың көрнекті жазушысы Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл толуына орай "Көркем сөздің ...
21 қараша күні кітапханамыздың балалар бөлімінде балалар ақыны М. Жаманбалиновтың туғанына 95 жыл толуына орай "Бар жақсысын балаларға арнаған" кітап ...
"Бір ел-бір кітап" - 2019 республикалық акциясы аясында Әбділда Тәжібаевтың поэзиясы мен жазушы Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын оқуға ұсынамыз. ...
Кітапханамыздың жасөспірім бөлімінде "Жастықтың аты арындап, Тас қияға өрледің..." атты кітап көрмесі өз жұмысын жалғасуда. ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің абонемент бөлімінде халық жазушысы Әбдіжаміл Нұрпейісовтың туғанына 95 жас толуына орай "Жүрегі уақытпен қатар ...
2019 жылдың қазан, қараша айларында кітапханамыздың абонемент бөліміне келген жаңа кітаптары. ...
Кітапханамыздың өнер бөлімінде "Оқуға ұсынамыз" және Қазақстан Композиторлар Одағына 80 жыл толуына арналған "Музыка әлемінде" атты кітап кормелер ...
2020 жылы ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай ...
Ұлт дәстүрін жалғастырудан жалықпаған, өзінің үлгілі жырларымен ұлт тәрбиесіне араласа білген тума таланттардың бірі – СҮГІР ЖЫРАУ ...